Қостанайда жалған хабар таратқан 9 жасар бала жазаланады

Қостанайда бомба мен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түсті. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтады.

Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралатын болады, – деп атап өтті басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?