Қостанайда тұрғындарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметтері бойынша күдіктілер алдын ала келісім бойынша әрекет еткен. Олар қорқыту арқылы жәбірленушіден ақша талап еткен.

Қылмыс ұйымдасқан сипатқа ие болғандықтан, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау) бабы бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және басқа да эпизодтарды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қылмыстық әрекеттерге бейжай қарамауға және мұндай фактілер туралы дереу хабарлауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?