Қостанайда телефон нөмірлерін жалға беріп, алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды

Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын тіркеп, оларды WhatsApp желісінде қосып, кейін Telegram арқылы жалға беріп отырған. Алдын ала деректер бойынша, ол бірнеше айдың ішінде шамамен 35 абоненттік нөмірді жалға берген.

Бұл қызметтен түскен жалпы табыс шамамен 5 млн теңгеболған. Оның белсендірген SIM-карталары арқылы алаяқтар Қостанай мен Тобыл тұрғындарын «Сізге сәлемдеме келді» деген схема бойынша алдап, 2 млн теңгеден астам залал келтірген. Полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетте қолданылған құрылғылар мен SIM-карталарды дәлелдеме ретінде тәркіледі.

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды