Қостанайда сырғанақ бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Қостанай облысының Қамысты ауданында аудан әкімдігі маңындағы алаңда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады "Наша газета".

tengrinews.kz

Алматы, NEGE. Басылым таратқан ақпарат бойынша, биіктігі шамамен 4,5 метр болатын сырғанақ 13 ақпанда бұзылған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға фактісін орталық аудандық аурухана да растады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен