Қостанайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

Қостанай облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды.

gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сот оны қамауға алу туралы шешім шығарған.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Е.Доспановты ұстады», – деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмеді.

Ерболат Доспанов бұл қызметке 2024 жылғы қарашада тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты