Қостанайда LED-экранның жүйесін рұқсатсыз бұзған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Қостанайда 14 жастағы мектеп оқушысы бір мекемеге тиесілі көше LED-экранын рұқсатсыз бұзып, онда әртүрлі әзілдер көрсеткен.

Полиция

Алматы, NEGE. Ол әлеуметтік желілерден көрген «лайфхакты» қайталап, жүйеге кірген.

Алғашында бұл қылыққа өтіп бара жатқан жұрт күлкімен қарағанымен, нысан иелері мұндай әрекетті әзіл ретінде қабылдаған жоқ. Ұйым полицияға арыз түсірді. Киберқылмысқа қарсы бөлім мамандары жасөспірімді жедел анықтады.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша (Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу) бабы аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал кәмелетке толмаған баланың ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды