Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Қостанай қаласында тұрғын үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ақпаратты полиция қызметі растады.

Қостанай облыстық полиция департаменті/видеодан кадр

Астана, NEGE. Қарт тұрғынның өлімі дерегі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні – кәмелетке толмаған жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрбол Сәден.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.