Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Қостанай облысы Қарасу ауылының маңында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қойбағар көлінің жанында, екі адам жеңіл көлікпен қарлы боранда қалған. "Көмек туралы сигнал алғаннан кейін құтқарушылардың кезекші ауысымы оқиға орнына жедел көтерілді. Арнайы техниканы қолдана отырып, құтқарушылар көлікті қар құрсауынан эвакуациялап, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", – дейді ведомство.

Қостанай облысы құтқарушылары тұрғындарға қыс мезгілінде қаладан тыс жерлерге шығу кезінде аса сақ болу қажеттігін еске салады. Ауа-райы болжамын алдын ала білу, жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті