Костанайда «GTA» секілді жолда «петля» жасаған мас жүргізуші ұсталды

Костанайда мас күйдегі жүргізуші жол апатын жасап, қашпақ болды, деп хабарлайды ІІМ.

ҚР ІІМ

АЛМАТЫ, NEGE. Түнде 57 жастағы TANK 300 жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі қызыл шамға өтіп, жол қоршауына соғылып, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соқтығысқан. “Куәгерлердің айтуынша, көлік жолда GTA ойынындағыдай зигзагпен жүрген”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Полицейлер тәртіп бұзған жүргізушіні ұстады. Ол бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды, көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші арнайы айықтырғышқа жеткізіліп, іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі