Қостанайда ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен

19 қыркүйекке қараған түні Қостанай полициясы науқастың шақыртуына келген жеке клиника дәрігерлерінің көлігі ұрланғаны туралы хабар алды.

Полиция

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары бірден «Ұстау» жоспарын енгізді.

Күдіктіні қолға түсіру барысында 39 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрды. Алайда ол медициналық тексеруден бас тартты.

Полицейлердің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Көлікті заңсыз айдап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, енді қостанайлық азамат екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр