Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы ұсталды

Қостанай облысында медициналық құрылғыларды сатып алу саласында миллиардтаған қаржы жымқырылған.

freepik.com

Астана, NEGE. Облыстық прокурорлар сыбайлас-жемқорлық схемасы әшкереленгенін, бұл фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелгенін хабарлады. 

Прокуратура мәліметінше, медициналық ұйымдар аса қажет емес құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алған.

Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асқан.

«Тергеу шеңберінде "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ-ның бұрынғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Прокуратура Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты