Қостанайда бұрын сотталған азаматтың үйінен 3 мылтық, 200 оқ-дәрі табылды

Қостанайда бұрын сотты болған азамат үйінде заңсыз аңшылық атыс қаруын сақтаған. Облысының прокуратурасы қаруды сақтау фактісі бойынша қылмыстық істің айыптау актісін бекітті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тінту кезінде оның пәтерінен 3 аңшылық атыс қаруы тәркіленді, оның біреуі келте мылтыққа айналдырылған және 200 данадан астам патрон, оның ішінде "Парабеллум" тапаншасы мен "Калашникова - АК-74" автоматынан атуға арналған патрондар бар.

– Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287- бабы 3-бөлігі, яғни атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, – деп жазды бақылаушы органнан.

Айта кетерлігі, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру шараларына қылмыстық жауаптылық көзделген. Жазаның максималды мерзімі – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті