Қостанайда апат салдарынан бір аудан жарықсыз қалды

Қостанайдың «Юбилейный» шағынауданында электр қуаты уақытша өшірілді. Төтенше жағдайлар қызметі электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің түсіндіруінше, «Юбилейный» шағынауданында таңғы сағат 8:40-тан бастап электр қуаты апатты жағдайда сөндірілген. № 35, 38, 40 және 41 көпқабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік және коммерциялық нысан әлі де электр қуатынсыз қалып отыр.

Оқиға орнында апаттық бригадалар жұмыс істеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар электр қуатын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр