Қостанай облыстық ауруханасының қызметкеріне тағы да шабуыл жасалды

Қостанай облыстық ауруханасында келуші мен қабылдау бөлімінің қызметкері арасында оқыс жағдай тіркелді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 тамыз күні шамамен 12:30 кезінде қабылдау бөлімінде жанжал шыққан. Сол сәтте келушілердің бірі тіркеушіге күш қолданған.

Аталған оқиға бойынша тиісті құқық қорғау органдарына жедел түрде хабар берілді.

Аурухана әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл Қостанай облыстық ауруханасында тіркелген алғашқы жағдай емес. Бұған дейін аталған мекемеде хирург Кистановқа науқас шабуыл жасап, жарақат алған еді.

Қазір оқып жатыр

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды