Қостанай облысының тұрғынынан 4 келіден астам гашиш тәркіленді

Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтерінде өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады.

Ведомство бұған дейін ол осындай қылмыстар үшін үш рет сотталғанын атап өтті.

– Қылмыс санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторында тұр, – деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?