Қостанай облысының бас имамы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды

Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбет 15 тәулікке қамауға алынды.

muftyat.kz

Алматы, NEGE. Оның түнгі клуб маңында масаң күйде Toyota Highlander автокөлігін тізгіндеп бара жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болды. 

Сот отырысында имам өз кінәсін мойындаған жоқ, тек қымыз ішкенін алға тартқан. Алайда медициналық куәландыру мешіт қызметкерінің алкоголь ішкенін растады.

Ол сот қаулысымен 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

«Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды», - делінген сот қаулысында.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтынан Қостанайдың бас имамы туралы ақпаратты өшіріп тастаған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр