Қостанай облысындағы су қоймаларында су деңгейі төмендеді

Қостанай облысындағы су қоймаларында су деңгейі 60 см төмендеді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған режимі жслғасып жатыр.

«10 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймаларында су деңгейі орта есеппен 60 см төмендеді. Қаратомар, Жоғарғы Тобольск, Желқуар, Амангелді су қоймаларына ерекше назар аударылып отыр», - деді Қостанай облысы ТЖД бастығы, полковник Дамир Ермағамбетов.

Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖ жоюға 2 499 адам және 427 бірлік техника, 137 мотопомпа, 28 жүзу құралы және тікұшақтар жұмылдырылды. 

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр