Қостанай облысында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, қаза тапты

Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды  Tobolinfo.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды.

Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

«26 қыркүйекте Қостанай ауданының Садовый кентінде кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап кетті. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпаратқа сәйкес, жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған, оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды