Қостанай облысында жол апатынан екі мұғалім қаза тапты

16 желтоқсанда Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, деп хабарлады «Алау» басылымы.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полиция аталмыш істі тергеп жатыр. Қаза тапқандардың екеуі мұғалім. 

16 желтоқсанда күндіз «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан. Ірі жол апатынан үш адам оқиға болған жерде көз жұмды, тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді