Қостанай облысында заңсыз елік аулаған браконьер ұсталды

Қостанай облысында елік аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысының Қарасу ауданында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулаумен айналысқан браконьерді ұстады. Май ауылынан 7 шақырым жерде, Қойбағор – Қарасу – Севастополь автожолында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын тізгіндеген "Буран" қарда жүретін көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында шанаға бекітілген төрт қаптың ішінен бөлшектелген елік ұшалары табылды. Сонымен қатар көлік орындығынан бір оқпанды аңшылық мылтық анықталды, алайда оның оқтары болмаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 12 шақырым жердегі орман екпесінің жанынан еліктердің етін бөлшектеген учаскені тапты. Қардың бетінде қызыл-қоңыр дақтар байқалып, жануарлардың бастары, терілері мен тұяқтары қалған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде браконьерлікпен күреске бағытталған "Браконьер" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?