Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, жағдай ушыққан. Тұрғындарды шұғыл қауіпсіз жерлерге көшіру қолға алынды. Дорожник, Садовод, Мичуринец бау-бақша қоныстарына және Колесные ряды ауданына су жайлауы мүмкін.

«Қостанай бойынша шамамен 20 шақты эвакуациялық орталық ашық. Кеше 218 адам саяжайлардан эвакуацияланды. Судың шекті мөлшері түнге қарай көтерілуі мүмкін. Сол үшін күндіз барлық қауіпсіздік шараларын қабылдау керек. Тәуелсіздік алған жылдардан бері су қоймасы бірінші рет осылай 100 пайызға толып отыр. Су екі күнде миллиард текшеметрге толды. Бұндайды ешкім күткен жоқ», -деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді