Қостанай облысында суға кеткен көліктен үш адамның денесі шығарылды

Қостанай облысы Амангелді ауданында көліктің өзенге түсіп кетуі салдарынан үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты.

ТЖД

Алматы, NEGE. Мәйіттер іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылды.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 шілдеде Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды ауылы маңында бірнеше адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте үш адам болған, олардың бірі — бала.

Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, соның ішінде жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш адамның да денесі табылып, судан шығарылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды