Қостанай облысында синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды

Қостанай облысында полицейлер синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында «синтетиканы» таратумен айналысқан. Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар, үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі «қойып кету» арқылы таратқандығын анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған.

Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңге.

– Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды