Қостанай облысында шахтада жарылыс болып, бір жұмысшы жарақат алды

Қостанай облысындағы «Соколов» шахтасында бақылаусыз жарылыс болып, салдарынан 55 жастағы машинист зардап шекті.

freepik.com

Астана, NEGE. Оқиға 5 қаңтарда болған. Telegram-дағы Halyqstan арнасының жазуынша, 25 жылдық еңбек өтілі бар машинист өндірілген руданы түсіру үшін пайдаланылатын жерасты кенішінде кептеліп қалған кен кесектерін уату жұмыстарымен айналысып жатқан. Жұмыс барысында өнеркәсіптік жарылғыш заттар қолданылған.

«Соколов–Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның машинисі жарылғыш материалдарды қолдану кезінде бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алды. Зардап шеккен адамға қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады компания өкілдері.

Полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?