Қостанай облысында референдумға қатысу белсенділігі жоғары

Қостанай облысы өңірінде өтіп жатқан референдум барысында тұрғындардың белсенділігі байқалады.

Қостанай облысы әкімдігі

Астана, NEGE. Таңғы уақыттан бастап сайлау учаскелеріне келген азаматтар саны көп болып, кейбір учаскелерде адамдардың кезекке тұрғаны байқалды.

Аймақтың әр аудан-қалаларындағы учаскелерде тұрғындар дауыс беруге ерте келіп, азаматтық белсенділік танытуда. Учаскелерде тәртіп сақталып, дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде.

Қостанай облысы әкімдігі

Желіде тараған фотосуреттерде де учаскелердегі халықтың көп жиналғаны көрінеді. Кадрларда дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың екені байқалып, өңірдегі азаматтардың маңызды қоғамдық шараға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Учаскелерде қажетті жағдайлар жасалып, тұрғындардың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік берілген.

Мамандардың пікірінше, халықтың белсенді қатысуы қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды