Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. 

instagram.com/sadenov_online

Алматы, NEGE. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Полиция қызметкері жол апатында қаза тапқан, басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол апатында қаза тапқан Қостанай облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді”, – делінген жазбада.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді