Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді.

Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?