Қостанай облысында мал бағуға шығып, жоғалып кеткен жасөспірім табылды

2 қараша күні таңертең Әулиекөл ауданының Первомайское ауылында 15 жастағы жасөспірім атқа мініп мал бағуға шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды ТЖМ. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сағат 16:00 шамасында ол ата-анасымен байланысқа шығып, телефондағы зарядтың таусылатынын хабарлаған. Содан кейін онымен байланыс үзілді.

️Баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәтте, іздестіруге ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, ЖАО өкілдері, сондай-ақ туысқандары жұмылдырылды. Іздестіру тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгін таңертең Шолақтерек қыстағынан жасөспірім табылды.

Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін