7 февраля 2024 г. 0:53

Қостанай облысында қар құрсауынан 24 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ
ТЖМ жүргізушілерге жолға шыққан кезде көліктің жай-күйін мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруды ескертті.

Алматы, NEGE. 5 ақпанда Қостанай облысының Рудный-Қашар-Федоровка автожолында, Сарыкөл көлінің жағасында және Арқалық-Торғай тас жолында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған жеңіл автомобильдерден 24 адам құтқарылды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.