Қостанай облысында ер адам енесі мен әйелін өлтіріп, ұлын жаралаған

15 шілде кешке Қостанай облысындағы Қарабалық кентінде 45 жастағы ер адам әйелі мен енесін өлтірген. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 жастағы ұлы да жараланған, ал қызы оқиға орнынан аман қашып үлгерген.

Күдікті көрші сарайдан табылды, денесінде кесілген жарақаттар болған. Ол өзіне қол салмақ болды деген болжам бар.

Қылмысқа отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Әзірге нақты себептері анықталуда.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды