Қостанай облысында Байланыс қызметкерлері күні аталып өтті

2025 жылғы Қостанай облысы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіби мереке — Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қостанай облысы

Қостанай, NEGE. Бұл күн инженерлер, техниктер, операторлар, диспетчерлер және елімізде сенімді әрі үздіксіз байланысты қамтамасыз етіп жүрген барлық мамандарды біріктіреді.

Фото: Қостанай облысы

Қостанай облысында телекоммуникация саласында шамамен 3,5 мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың қажырлы жұмысының арқасында тұрғындарға қашықтықтан байланысу, ақпарат алмасу және маңызды оқиғалармен бөлісу мүмкіндігі туып отыр.

Облыс әкімдігі ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев мамандарға адал еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, тұрақты байланысты қамтамасыз ету мен қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беру жолындағы еңбектерін ерекше атап өтті.

Фото: Қостанай облысы

Салтанатты жиын барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Алғыс хаттары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары және басқарма басшысының алғыс хаттары табысталды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты