Қостанай облысында аязда жоғалып кеткен малшы табылды

ТЖД құтқарушылары мен полицейлер Қостанай облысында аязда жоғалып кеткен малшыны тапты.

polisia.kz

Алматы, NEGE. Оны үш күн іздеген. 13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалып кеткен.

Малшылар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты. Көлік қарда тұрып қалды. Малшылардың біреуі жылқыларды күзетуге қалып, жоғалып кетті.

Үш күн ішінде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жоғалған адамды іздеді.

Ауа-райының қолайсыздығы тік ұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеп тапты.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді