Қостанай облысында 29 жастағы жігіт бөгде әйелді бауыздап өлтірген

Қайғылы оқиға 20 шілдеде Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында болған.

dzen.ru

Алматы, NEGE. Карл Маркс көшесіндегі жеке үйлердің бірінің ауласынан мойны кесілген жаралы әйел табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі әйелдің көз жұмғанын анықтады.

Марқұмның жанында күйеуі болған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне 40 минут бұрын әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде қарақұсынан және бетінен пышақ жарақатын алған.

Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен