Қостанай облысында 269 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі

Қостанай облысында залалды бағалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Halyq Uni

Алматы, NEGE. Өңірдің 2 қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Оның барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша арнайы комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Бүгінде 609 үй тексерілді. Қалпына келтірілмейтін үйлер саны – 269, олардың иелеріне үй беріледі. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан мал өлімі 976 басты қамтыды. 214 бас мал саны бойынша төлем жүргізілді, - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?