Қостанай облысында 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты

Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамды іздеуде және туыстық байланыстарды қайта орнатуда жоғары кәсібилігін көрсетті. Өткен жылы облыстық полиция департаментіне туыстарымен, ата-аналарымен, бауырларымен немесе әпкелерімен байланысын жоғалтқандар туралы 110 өтініш келіп түсті. Жедел әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде олардың 85-і табылып, жақындарымен қайта қауышты.

Мәселен, 1995 жылы 58 жастағы Александр Хан Қазақстаннан белгісіз себептермен хабарсыз кеткен. Оның қызы Юлия Хан Қостанай қаласының полиция басқармасына жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады. Әкесін іздеу оның өмір бойғы арманына айналған. Александр Ханның 1995 жылы алыс шетелге тұрақты тұруға кетіп, отбасымен байланысын үзгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері Юлияның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын бастады.

Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның Францияда ұзақ жылдар бойы тұрғаны анықталды. Әртүрлі себептермен ол туыстарымен байланысын жалғастыра алмаған, бірақ қызының табандылығы мен полицейлердің еңбегі бұл олқылықтың орнын толтырды. Жиырма жылдан кейін әке мен қыз қайта қауышып, бұл кездесу Хан отбасы үшін үлкен қуанышқа айналды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?