Қостанайлық полицейлер “Ксанакс” таблеткаларының және есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қостанайлық тұрғынның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.
Алматы, NEGE. – Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар "Ксанакс" дәрілік препаратымен таблеткалар бар, - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының м.а. Амир Нигматзанов.
1 келіге жуық марихуана, 65 гр кептірілген саңырауқұлақтар, сондай-ақ 312 дана “Ксанакс таблеткалары тәркіленді.
ҚР ҚК 297- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.