Қостанайға қоныс аударып жатқандар көп

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады.

Алматы, NEGE. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен.

Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар.

«Қостанайға қоныс аударушылардың дені – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарынан. Ал қандас ағайындар Өзбекстан мемлекетінен келеді. Көшіп келуші азаматтармен әлеуметтік келісімшарттар жасалуда. Көшуге, тұрғын үйді жалға алуға немесе сатып алуға субсидия төленеді. Экономикалық белсенді деген қандастар мен қоныс аударушылар жұмысқа орналастырылады. Өткен жылы Қостанай облысында 1700-ге жуық қоныс аударушы мен оралман тұрақты орын тапты», – деп мәлімдіді тиісті мекеме.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Бақыт рейтингінде қазақстандықтар француздардан озды

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген