Қостанайдағы жарылыс: Үйінді астында қалған үш адамның денесі табылды

Қостанай қаласында Амангелді тұрғын үй алабында 11 желтоқсанда сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтеншеліктер үйінді астында қалып кеткен 12 адамды құтқарды.

Алматы, NEGE. Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде үш адамның мерт болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетілуде.

Төтенше жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді