Қостанайдағы орман өртіне тракторшының кінәлі екені анықталды
Қостанайдағы орман өрті тракторшының салғырттығынан тұтанған.
Алматы, NEGE. Әулиекөл аудандық соты осындай шешім шығарды.
2 қыркүйек күні 43 жастағы тракторшы ақауы бар техниканы орман арасына апарған. Қайтар жолда трактор мұржасынан ұшқын атып, от тұтанған. Қатты ыстық пен желден отты дер кезінде сөндіре алмаған.
Азаматқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.