10 октября 2022 г. 13:45

Қостанайда өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

Фото:
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 

желідегі  парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуда. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында ірі табиғи өрт 2-10 қыркүйек аралығында болды. Жалын 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Салдарынан екі елді мекендегі 91 үй зақымданды.

Үкімет әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндетін қойған болатын. Бұл мәселе мемлекет басшысы мен үкіметтің ерекше бақылауында.

Тегтер: