3 сентября 2022 г. 18:03

Қостанайда орман өрті өршіп барады

Фото:

Қостанай облысы аумағында автожол қозғалысын шектеу бойынша жедел ақпарат жарияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. «3.09.2022 жылы сағат 16:15-те Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген ресми ақпаратта.

Қостанай қаласына Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы қатынауға болады.

Тегтер: