Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде адамның бас сүйегі табылды

Қостанайлық полицейлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр.

Алматы, NEGE. ПД 4 шілде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.