18 июня 2020 г. 18:19

Қостанайда блок-бекеттер қайта қойылады

Фото:

Қостанайда да блок-бекеттер қайта қойыла бастады. Облыстық жедел штаб осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бүгін түнгі он екіден бастап Қостанай-Рудный, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған және Арқалық-Амантоғай бағыттарында 3 санитарлық бекет орнатылады. Аймақта эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кеткеніне тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамағаны себеп. Осының салдарынан облыста коронавирус жұқтырғандар саны өсіп отыр. Мәселен, соңғы бес тәулікте 49 адам дертке шалдықты. Қауіпті індет бұрын-соңды тіркелмеген Арқалық, Амангелді, Жангелдин өңірлеріне де тараған. Егер жағдай жақсармаса, күшейтілген карантин режимі қайта енгізіледі.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло: «Аттракциондар, караоке-бар, боулинг, тату, массаж салондарының қызметі уақытша тоқтатылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сұлулық салондары, дүкендер, базарлар мен білім беру орталықтарының жұмысы қысқартылады.  Мемлекеттік қызметшілердің 80 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылады. Шектеу шаралары 30 маусымға дейін жалғасады» деді.

Тегтер: