30 июля 2023 г. 16:27

Қостанайда археологтар қола дәуіріне тиесілі бекініс орнын зерттеп жатыр

Фото:

Қостанайлық археологтар қола дәуіріне тиесілі бекініс орнын зерттеп жатыр. Ғалымдар Ресей шекарасына жақын Денисов ауданында бірнеше жыл бойы қазба жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Хабар-24.

Алматы, NEGE. Мамандар ежелгі адамдардың үйлерін, шаруашылық нысандары мен құдықтарды зерттеп, жаңа жәдігерлер тапқан.

Бұл биылғы архелогиялық маусымда табылған жәдігерлердің бір бөлігі ғана. Мұнда қыш ыдыстар, тоқыма бұйымдары мен металдан жасалған заттардың қалдықтары бар. Олар Синташта және Петров дәуіріне тиесілі.

Бұйымдар шамамен төрт мың жыл бұрын қолданыста болған.

Қамысты қонысы туралы алғашқы мәліметтер 90-шы жылдары пайда болды. Ирина Шевнина мен Андрей Логвин жетекшілік ететін ғалымдар тобы бұл ескерткішті үш жыл бойы зерттеп келеді. Маусым сайын қазба жұмыстары 50 күнге созылады. Дәл осындай қоныс Оңтүстік Орал аумағында бар. Ал әлем бойынша олардың саны 30-ға жуық. 

Тегтер: