Қостанай полициясы қызға тиіскен педофильді іздестіріп жатыр

Қостанай полициясы қыз балаға тиіскен педофильді іздестіріп жатыр.


«Ол жағдай қаланың қақ ортасында болды, шамамен 13 жасар қыз баламен сөйлесіп тұрған ер адамды байқадық. Сырттай қарасаң әдеттегі жағдай секілді, бірақ әйеліме бір түрлі болып көрінген. Жанына барып тоқтап едік, әлгі адамның оған әдемісің, мені сүйші деп жатқанын естідік. Мен бірден қасына жетіп бардым да, қыз баладан танисың ба деп сұрадым, ол жоқ деп жауап берді. Шынтағынан ұстадым да алып кеттім, ал ер адамды қуып жібердім. Біз ол қызға мұндай жағдайда айқайлау керек, қашу керек, көмек сұрау керегін түсіндірдік. Не боларын кім білген. Мүмкін бұл ер адам тағы біреулерге кез болған шығар. Мұқият болыңыздар», - деп жазған куәгер әлеуметтік желіде.
Хабарда нақтыланғандай, қостанайлықтар WhatsApp мессенджерінде күдікті педофильдің суретімен бірге хабарламаны таратуда. Тұрғындардан мұқият болуларын сұрайды.
Қостанай облысы полиция департаменті қазіргі таңда бүкіл жеке құрамының аталмыш ер адамды іздестіруге жұмылдырылғанын айтты.
«Аталмыш факт тіркелді. Полиция ол ер адамның кім екенін және болған жайтты анықтауға кірісті. Бағдар полиция жасақтарына жіберілді. Бұл ретте облыс орталығының тұрғындарынан осындай жайтқа кез болып қалса 102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз», - деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған