Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды.
"Барлық сақтық шараларын ұстанғаныма қарамастан, соңғы тапсырған анализ COVID-19 диагнозын растады. Осыған байланысты мен өз-өзімді оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге көштім", - деп жазды ол.
Ол облыс тұрғындарынан қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауды сұрайды.
"Кезекті рет жерлестерімді аймақта енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Баршаңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін! Өздеріңізге қамқор болыңыздар!" - деп жазды Архимед Мұхамбетов.