4 сентября 2022 г. 9:52

Қостанай облысындағы өрт: жедел желі ашылды

Фото:

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады.

Алматы, NEGE. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды,  психологтарының жұмысы ұйымдастырылды . Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.

Тегтер: