Қостанай облысында жолға бөлінетін қаржы қысқарды

Қостанай қаласының жолдарын жөндеуге бөлінген қаржы үш есе қысқарды, деп хабарлайды 24.

kz.

Қостанай, NEGE.Былтыр бұл салада 4 млрд 300 млн теңге игерілсе, биыл бір жарым миллиардқа жетпейтін ақша жұмсау көзделген. Шаһардағы небәрі 36 көше орташа жөндеуден өтпек. Дегенмен жаңа  жолдардың кепілдік мерзімі бітпей жатып, сапасы сыр бере бастаған. Сала мамандары шамамен 115 шаршы метр асфальттің ой-шұқыры шыққанын анықтады. Енді мердігер 10 мамырға дейін ақауларды қалпына келтіруі тиіс. Ал облыс бойынша жаңа жолдарға жасалған тексерістің қорытындысы әлі шыққан жоқ. Былтыр кемшіліктерді түзетуге 400 млн теңге жұмсалған. Мың жарымға тарта жол сынамасы алынып, оның 35 %-і талапқа сай болмай шықты.

Абылайхан Алшынбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ директоры:

– Мердігерлер сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланып жатады. Бұл жолдың сапасына әсер ететін бірден бір фактор. Сонымен қатар  жұмыс технологиясы ескерілмейді. Әсересе шалғай аумақтарда асфальтбетоны қоспасын төсеу кезінде температураға мән берілмей жатады.