Қостанай облысында жеке үйдегі өрттен ана мен бала қаза тапты

Құсмұрын кентінде 26 қаңтар күні жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде 34 жастағы әйел мен алты жасар ұлының мәйіті табылды, деп хабарлады ТЖД.

Алматы, NEGE. 15 шаршы метр қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткен. Үйден газ баллоны шығарылған.

Оқиға орнында өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Бұл факті бойынша полицейлер мәйіттердің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын ғана хабарлады.