Қостанай облысында зардап шеккен кәсіпкерлерге арналған штаб құрылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қостанай облысындағы өрттен келген шығынды есептеп, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб құрылды.

Алматы, NEGE. - Зардап шеккен аймаққа шығынды бағалау үшін сараптама комиссиясы жіберіледі, ресми деректер мен нақты келтірілген залал сәйкес келмеген жағдайда, зардап шеккен бизнеске нақты залалды өтеу үшін қаражат өндіріледі, - деді  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қикімов

Сондай-ақ, Мақсат Қиқымовтың айтуынша, «Күшіміз бірлікте» қорымен жәбірленушілерге ақшалай қаражатты жинау мен төлеуді ұйымдастыру туралы келісім жасалған.

Зардап шеккендер мен көмек көрсеткісі келетіндер АЭС 1432 байланыс орталығына және РПО қызметкерлеріне: 7 777 037 77 78, 7 705 153 91 07, 7775 963 10 00 телефондарына хабарласа алады.